Қазақстан цифрлық үкімет көрсеткіші бойынша 193 елдің ішінде 16-орынға көтерілді

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының цифрлық үкіметті дамыту рейтингінде тарихи жетістікке қол жеткізді.

Еліміз әлемнің 193 мемлекетінің арасында 16-орынға көтеріліп, алғаш рет ең жоғары рейтингтік көрсеткішпен жаһандық үздік 20 елдің қатарына енді, — деп хабарлайды jananews.kz.

Жаһандық рейтингтегі серпіліс және озып шыққан елдер

Осы нәтиженің арқасында Қазақстан цифрлық даму деңгейі бойынша Оңтүстік Корея, Дания, Сингапур және АҚШ сияқты әлемдік технологиялық алпауыттармен бір топта тұр. Соңғы екі жыл ішінде еліміз бұған дейін өзінен жоғары орналасқан бірқатар дамыған мемлекеттерді басып озды. Олардың қатарында Швеция, Германия, Ирландия, Австрия, Жаңа Зеландия мен Жапония елдері бар.

Қазақстан ТМД және Орталық Азия өңірінде тағы да бірінші орынды иеленіп, аймақты алғаш рет әлемдік цифрлық көшбасшылар қатарына шығарды. Өзге көршілес елдердің жаһандық рейтингтегі көрсеткіштері бойынша Өзбекстан – 32-орын, Әзербайжан – 38-орын, ал Ресей – 50-орынға жайғасты.

БҰҰ-ның арнайы баяндамасында eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы Орталық Азиядағы ең табысты цифрлық үлгі ретінде ерекше аталды. Сонымен қатар соңғы екі жылда қазақстандықтардың цифрлық сауаттылық деңгейі бір жарым есеге артқан.

Түркістан облысында жылына 150 мың тонна жүгері өңдейтін зауыт жұмысын бастады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img