Астанадағы EXPO көрме орталығында цифрлық саланың кіл мықтыларын жинаған AI & Digital Bridge халықаралық форумы өтуде.
Биылғы ауқымды шараға 30 мыңнан астам қатысушы, 300-ден астам сарапшы және жүзден аса озық технологиялық компания қатысып жатыр, деп хабарлайды jananews.kz.
Форумның басты бағыттары мен іс-шаралары
Қазанның 1–3 аралығына жоспарланған халықаралық іс-шарада негізгі 5 түрлі бағытқа басымдық берілген:
— Робототехника;
— IT мамандығының эволюциясы;
— Жасанды интеллектіге (ЖІ) негізделген экономика құрудағы құқықтық нормалар;
— Мемлекеттік басқарудың халықаралық тәжірибесі.
Форум аясында дәстүрлі Astana Hub Battle стартаптар байқауы ұйымдастырылып, жеті аталым бойынша AI & Digital Bridge жүлдесі сарапқа салынуда. Сонымен қатар келушілер назарына озық IT өнімдердің көрмесі мен арнайы стартаптар аллеясы ұсынылған.
Жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдер фестивалі
Биылғы форумның басты ерекшеліктерінің бірі – жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдер фестивалі. Елордада өтіп жатқан бұл шығармашылық байқауға әлемнің 125 елінен 8 мыңға жуық туынды тіркеліп, жаңа технология мен өнердің ұштасуын көрсетті. Елорда тұрғындары мен қала қонақтары EXPO көрме орталығындағы ауқымды іс-шараны бүгін және ертең тамашалай алады.
Қазақстан Ауғанстан арқылы Үнді мұхитына шығатын жаңа теміржол салады — jananews.kz

