УЕФА Атқарушы комитеті Астана қаласын 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтетін ресми орын ретінде бекітті.
Бұл беделді халықаралық матч елордадағы атақты «Астана Арена» стадионында өтеді. Суперкубок үшін УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының 2027/28 жылғы маусымдағы жеңімпаз командалары өзара сынға түседі. Осылайша, отандық жанкүйерлер мен футбол сүйер қауым Еуропаның екі ірі клубтық турнирінің чемпиондарын тікелей елорда төрінде тамашалай алады.
Тарихи оқиға және стадиорын жаңғырту жұмыстары
Астананың бұл мәртебелі доданы қабылдауына Қазақстан футбол федерациясының спорттық инфрақұрылымды дамыту және УЕФА-мен тығыз ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарған ауқымды жұмыстары негіз болды. Бұл – қазақстандық спорт тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі.
Суперкубок ойыны қарсаңында «Астана Арена» стадионына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылымы жоспарлы түрде жаңартылады. Атқарылатын жұмыстар стадионның УЕФА-ның ең ірі еуропалық матчтарды өткізуге қоятын қатаң талаптарына толық сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Астанаға нақты қай клубтардың келетіні 2027/28 жылғы маусымның соңында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы аяқталғаннан кейін белгілі болады.
Қазан айында қазақстандық ұшақтардың бортында интернет іске қосылады — jananews.kz

