Қазақстанда құрылыс саласы мен өнеркәсіпті цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.
Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жасанды интеллектіні қолдану арқылы мемлекеттік сараптама жүргізу мерзімі 5 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін қықарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды jananews.kz.
Құрылыс саласындағы цифрлық өзгерістер
Мемлекеттік сараптама процесін жеделдету мақсатында қазірдің өзінде 864 жоба жасанды интеллект көмегімен тексеруден өткен. Жобалық құжаттаманың толықтығын текскеруге орта есеппен небәрі 6 минут уақыт кетеді. Жыл соңына дейін құжаттарды, сызбаларды, инженерлік желілер мен сметаларды автоматты түрде тексеретін тағы 3 жаңа модуль әзірленеді. Бұл мемлекеттік сараптаманың барлық негізгі процестеріне жасанды интеллектіні толық енгізуге жол ашады.
Сондай-ақ саланың маңызды бағыттарының бірі – Building Information Model (BIM) технологиясын жаппай енгізу. Биыл 1 тамыздан бастап мектептер, әуежайлар, көпірлер мен тоннельдер сияқты күрделі нысандарда бұл технологияны қолдану міндеттелді. Ал 2028 жылға қарай техникалық күрделі нысандардың 100%-ында осы жүйені пайдалану жоспарлануда.
Өнеркәсіп пен геологиядағы жаңашылдықтар
Цифрлық телнұсқалар (digital twins) арқылы мысты алу деңгейі 2%-ға, ал жалпы фабрика өнімділігі 7%-ға артты (мысалы, KAZ Minerals мысалында). 2028 жылға дейін бұл технологияны ірі кәсіпорындардың 60%-ына енгізу көзделген. ЖИ пен роботтандырудың арқасында өндірістегі ақаулар саны 39%-ға азайып, штаттан тыс жағдайлар 8 секунд ішінде анықталатын болды.
Геология саласындағы цифрландыру жұмыстары аяқталып, геологиялық ақпарат ашық форматқа көшірілді. Мұның нәтижесінде аукциондардан түсетін кіріс 7 есеге өсті. Ендігі міндет – геологиялық деректерді талдау және перспективалы учаскелерді анықтау үшін жасанды интеллектіні қолдану.
Ауылға жұмыс істеуге барған ІТ-мамандарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі? — jananews.kz

