Қазақстанда шетелдік туристерге ҚҚС қайтару жүйесі іске қосылды

Қазақстанда шетелдік азаматтардың сатып алған тауарлары үшін қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтаруды көздейтін «Tax free» пилоттық жобасы ресми түрде іске қосылды.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше бұл бастама еліміздегі туристік әлеуетті арттырып, сауда саласын дамытуға және шетелдік қонақтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

«Tax free» жүйесі кімдерге қолжетімді және шарттары қандай?

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағандағы шетелдік туристер Қазақстаннан тауар әкеткен кезде ҚҚС сомасының бір бөлігін қайтара алады. Жүйе арқылы өтемақы алу үшін азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жалпы құны кемінде 10 АЕК (2026 жылы 43 250 теңге) болуы тиіс. «Tax free» құжаты сатушы тарапынан ҚҚС сомасы көрсетілген кассалық чек негізінде қағаз немесе электронды түрде беріледі.

Пилоттық жоба республиканың Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Ақмола облысының Бурабай кенті, Өскемен (Қатон-Қарағай) қалаларындағы стационарлық сауда нысандарын қамтиды. ҚҚС өтемақысын төлеу жұмыстарын арнайы «Tax free» жүйесінің операторы жүзеге асырады.

Кәсіпкерлер үшін қандай тиімділігі бар?

Аталған өңірлерде жұмыс істейтін, ҚҚС төлеуші саналатын және стационарлық нысандарда азық-түлік емес тауарларды бөлшек саудада сататын кәсіпкерлер бұл жүйеге қатыса алады. Жүйеге қосылу тегін, қатысу үшін кәсіпкерлер taxfree.kz немесе Global Blue арқылы операторлармен шарт жасасуы қажет. Бұл бизнес үшін шетелдік туристерді тартуға, сату көлемі мен орташа чекті арттыруға, сондай-ақ сауда нүктесінің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге үлкен мүмкіндік береді.

БҰҰ егде жастағы адамдардың құқықтарын қорғау шараларын қайта қарауға шақырды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img