Тегін берілуі тиіс дәрілер сатылып кеткен

Мемлекет тарапынан науқастарға тегін берілуге тиіс дәрі-дәрмектердің дәріханалар арқылы ашық сатылғаны анықталды.

Цифрлық бақылау жүйесінің арқасында әшкереленген бұл заңбұзушылықтан келтірілген материалдық залал 36 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Бұл мәлімет Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жүргізілген тексерулер барысында белгілі болды.

Цифрлық бақылау және тексеру нәтижелері

Дәрілік заттарды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі әрбір қаптаманың зауыттан бастап соңғы пациентке дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Осы жүйенің көмегімен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде дәріхана желілері арқылы тегін берілуі тиіс 26 мыңнан астам қаптама дәрі-дәрмектің заңсыз сатылып кеткені анықталды. Анықталған деректер бойынша 106 медициналық ұйым мен дәріханаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді. 60-тан астам ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, бұл деректер бойынша барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерін қабылдады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img