Ұрланған малға мемлекет өтемақы төлей ме?

Қазақстанда мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға мемлекет тарапынан маңызды қолдау көрсетіледі.

Егер төрт түлік мал ұрланса немесе табиғат апаттары мен түрлі кеселдердің салдарынан шығынға ұшыраса, келтірілген зиянды сақтандыру арқылы толықтай дерлік өтеуге болады, деп хабарлайды jananews.kz.

Агросақтандыру жүйесінің шарттары мен субсидия

Агросақтандыру бағдарламасы аясында сақтандыру сомасының 80 %-ын мемлекет субсидиялайды. Биылдың өзінде осы бағдарлама шеңберінде шаруаларға 5 млрд теңгеден астам өтемақы төленді. Елде аграрлық сақтандыруға деген сұраныс жыл сайын артып келеді (соңғы жылдары бұл қызметті пайдаланушылар саны 4 есеге көбейіп, 300-ге жуықтады). Мал шаруашылығын сақтандыру кезінде келесі ережелер ескеріледі:

— Сақтандыруды табиғи апаттар, жұқпалы аурулар мен кеселдермен қатар мал ұрлығына да қатысты рәсімдеуге болады. Мысалы, бір малдың басы 500 мың теңге тұрады деп есептесек, 10 мал басын сақтандырғанда жалпы сақтандыру сомасы 5 млн теңгені құрайды. Оның 80 %-ын мемлекет төлейді, ал 20 %-ын шаруа өз қалтасынан шығарады.

— Мал ауып қалған, өлген немесе ұрланған жағдайда келтірілген соманың 98 %-ына дейін өтемақы фермерлерге қайтарылады.

Егіншілік бағытындағы сақтандыру

Агросақтандыру тек мал шаруашылығын ғана емес, егіншілікті де қамтиды. Диқандар егінін жаздағы қуаңшылық пен орақ кезіндегі жауын-шашыннан қорғау үшін осы жүйеге жүгінеді. Мұнда да сақтандыру сыйақысының 80 %-ын мемлекет төлейді.

Егіншілікті сақтандыру мысалы:

Сақтандыру сомасы 600 млн теңге (10 мың гектарға шаққанда)болса, фермер төлейтін сақтандыру сыйақысы (тарифі 5,3%) 31,8 млн теңгені құрайды. Мемлекеттің субсидиялайтыны (80%) 25,4 млн теңге болса, диқанның өз қалтасынан төлейтіні (20%) 6,4 млн теңгені құрайды. Егер қуаңшылық немесе жаңбыр кесірінен өнім рәсуа болса, сақтандыру сомасының 48%-ы (бұл мысалда 288 млн теңге) шаруаның шотына түседі.

Жалпы, агросақтандыру 2020 жылға дейін міндетті болса, қазіргі уақытта ерікті түрде жүзеге асырылуда. Дегенмен, мемлекеттің қолдауы мен қолайлы шарттарының арқасында бұл тетік шаруалар үшін қаржылық тұрақтылықты сақтаудың басты кепіліне айналып отыр.

Елімізде киберқауіпсіздік мамандарын даярлауға арналған гранттар көбейеді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img