Ақорданың баспасөз қызметі Мұрат Ергешбаевтың Қызылорда облысының жаңа әкімі болып тағайындалғанын хабарлады. Ол бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болған.
Ақорда Нұрлыбек Нәлібаевтың ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын хабарлады. Ол бұған дейін Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарған.
Алматының Медеу ауданында биыл ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындар мен туристер үшін жаңа жаяу жүргіншілер аймақтары және 6 шақырымдық жаңа бағыт ашылады.
KazGASA өзінің 45 жылдығын атап өтуде. Бүгінде академия құрылысқа BIM, жасанды интеллект және роботтандыруды енгізіп, жаңа буын инженерлерін даярлайтын басты орталыққа айналды.
Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігі ипотека мөлшерлемесін бастапқы жарнаға байлауды жоспарлап отыр. Жарна 30%-дан кем болса, несие қымбаттайды. Алайда нарық қатысушылары бұл талапты шегеруді сұрауда.