ЖАҢАЛЫҚ

Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға тәуелді болады

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігі ипотека мөлшерлемесін бастапқы жарнаға байлауды жоспарлап отыр. Жарна 30%-дан кем болса, несие қымбаттайды. Алайда нарық қатысушылары бұл талапты шегеруді сұрауда.

Қазақстан мен Түркия ауыл шаруашылығы саласында 1 млрд доллардың жобаларын жүзеге асыруда

Түркиялық инвесторлар Қазақстанның ауыл шаруашылығына 1 миллиард доллардан астам қаржы құюда. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жаңа ауқымды өндіріс орындары бой көтереді.

Ғылымға инвестиция: Алматылық ғалымдар пәтерлеріне қоныстанды

Қазақстанда жас ғалымдарға қолдау күшейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 зерттеушіге Алматы және Астана қалаларынан өтеусіз негізде пәтер берді.

Қайтарылған активтер есебінен Шымкентте заманауи балалар жатақханасы ашылды

Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерді қайтару есебінен Шымкентте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған заманауи мектеп-интернат жатақханасы пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Х желісінде хабарлады. Арнаулы мемлекеттік қордан 2,6 млрд теңге бөлінген жаңа кешен 300 орынға лайықталған және заманауи спорт, ойын алаңдарымен жабдықталған. Тұтастай алғанда, бүкіл ел бойынша қайтарылған 500 млрд теңге қаражатқа 440 әлеуметтік және коммуналдық нысанның құрылысы қаржыландырылып, оның 319-ы іске қосылды.

Shymbulak курортындағы көктемгі жеңілдік: «Бәйшешек» тарифімен сырғанау 30%-ға арзандады

Алматылықтар мен қала қонақтары үшін тау-шаңғы маусымы әлі жалғасуда. Shymbulak курорты жаңа «Бәйшешек» тарифін енгізіп, сырғанауды 30 пайызға арзандатты.

Қазақстанның ғарыштағы жаңа қадамдары: KazSat-3 және түркі елдерінің ортақ спутнигі

Қазақстан 2029 жылы KazSat-3 байланыс спутнигін жаңасына ауыстырмақ. Сонымен қатар, 2027 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының бірлескен 12U CubeSat наноспутнигі ғарышқа ұшырылады.

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР

ЖАРНАМАspot_img